Жаңалықтар

Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын
06 Сәуір 2021 АЛЫПТЫҢ «ҚҰЛАҒЫНДА» ОЙНАҒАН АРУ

«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС БМЗ-дағы мыс балқыту цехы анод бөлімі Өтепова Айнұр Әбуқызының екінші үйіндей. Бесінші раязрядты алып кранның машинисі қызығы мен шыжығы мол осы бір жұмысты 15 жылдан бері атқарып келеді. Негізі, менің әр кейіпкерімнің мамандық таңдауда өзіндік ерекшелігі бар. Кейбірі күтпеген жерден келіп, өмір бойы сол кәсіпті нәсіп етеді. Өзгелері өмірдің соқтықпалы-соқпақты жолымен жүріп, кәсіби шеберлікке жетіп жатады. Енді бір тобы – ата кәсібін жалғастырушылар. Сол секілді Айнұрдың да өзіндік себебі бар. Менің, неліктен краншы болдыңыз деген сауалыма ол «мырыш зауыты енді  ашылып жатты, ал, мен кез-келген нәрсенің бастауында болғанды қалаймын» деп жауап берді.    

 

 

- Сол кезде өндіріс орны енді ғана ашылды. Мен мамандандырылған орта оқу орнын бітіріп, краншы деген қағазбен өндіріске келдім. Бірақ 2009 жылы кәсіпорын жұмысын тоқтатып, мыс балқыту цехының анод бөліміне ауыстым. Содан бері осы жерде жұмыс істеп келемін. Бұрын зауытта көбіне сусымалы тау жыныстарымен жұмыс істесем, мұнда анодпен жұмыс істеймін. Бес ауысыммен еңбек етеміз. Әр ауысымда төрт краншы бар. Үшеуі жылжымалы кранда, біреуі шығыршықты кранда істейді.

 

Машинистің міндеті қажетті заттарды көтеріп, тиісті жеріне апару, тиеп, түсіру. Айнұрдың міндеті – салмағы 250 келілік анодты іліп алып, электролит цехына баратын шағын вагондарға тиеу. Біздің кейіпкеріміз бір ауысымда осындай анодтың 720 данасын тасымалдайды. Бір қарағанда еш қиындығы жоқ сияқты көрінгенмен, бұл машинистен асқан дәлдікті, сақтық пен табандылықты талап етеді. Сонымен қатар, краншы матаушы маманның айтқанын айна-қатесіз орындауы тиіс: «Maina»- төмен, «Vira» - жоғары. Матаушы машинистің айнымас серігі.Кран соның айтуымен басқарылады. Екеуінің өзара түсіністігі көп нәрсеге оң ықпал етеді. Ең бастысы – қауіпсіздікке.

 

 

Алғашқы жұмыс күндерін есіне алғанда Айнұрдың жүзіне күлкі үйіріледі. Әрине, одан бері 15 жыл өтті. Қазір ол кәсіби маман. Алайда, кранға ілінген жүкке, өз өміріңе және төменде жүрген жұмысшылар қауіпсіздігіне деген жауапкершілік оған босаңсуға мүмкіндік бермейді. Бес қабатты үйдің биіктігіндей жерде отырып, төмендегі жағдайды бағамдау оңай емес. Оның үстіне ілмектегі жүк те шайқалып, мазаны алады. Осындайда бар өнеріңді салып, сабырмен жұмыс істеуге тура келеді. Расында сабыр, дәлдік және салмақты мінез Айнұрдың өз болмысына тән қасиетке айналған.

Сұхбат барысында Айнұр өзі туралы айтқаннан гөрі әріптестерін көбірек тілге тие етті. Бұл оның ибалы мінезі мен әріптестеріне деген құрметтің белгісі болса керек. Бір ауысымда бірге жұмыс істеп жүрген Наташа Алферова мен Нұргүл Нәбиева туралы сыр шерткенде өңінде бір жылылық байқалды. Ал, ұстазы Ирина Абраменкоға қатысты пікірінен оған деген құрмет пен алғысты аңғаруға болар еді. Ол да Айнұрдың алғыр мінезін көріп, кран пультінің маркасын, яғни, кілтін еш уайымдамай тапсырған болатын. Марка дегеніміз құпия код секілді нәрсе. Ол тек краншыларға ғана беріледі. Пульттің маркасын білмесеңіз жылжымалы алып кранның бір де бір тетігі тапжылмайды. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, Айнұр осы жерде жұмыс істеп жүріп политехникалық колледжді тәмамдап, техник-металлург дипломына қол жеткізді.

 

 

Биік кранның басында пульттің қажетті тетіктерін басып, алыпты ешбір қиындықсыз басқарып отырған Айнұрды көргенде көз алдыма шебер пианист елестеді. Саусақтары пульт үстінде талмай жүгіріп, бүкіл жұмыс барысын бір өзі басқарып отырғандай. Бір нәрсе анық. Краншы болу үшін тек қана білімді болу жеткіліксіз. Кәсібіңді жаныңмен сүюің керек. Мұндай махаббат болмағанда Айнұр талай мәрте жасалған жақсы ұсыныстардан бас тартпас еді.              

 

Ләззат Смағұлова,

Балқаш

Фото автордікі.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.