Жаңалықтар
Жылдың айтулы мерекесінің бірі - Наурыз мейрамы да келіп жетті, ол көктемгі жаңарудың, сүйіспеншілік пен махаббаттың, игілік пен достықтың салтанат құратын шағы. Осы бір айтулы мереке - күн мен түннің теңелу күні «Қазақмыс» Тобының кәсіпорындарында да аталып өтілді.
Осы мерекемен көптеген салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптар тығыз байланысты. Қазіргі пандемия іс-шаралар өткізу барысына өз түзетуін енгізді, дегенмен көктемгі қуанышты көңіл-күйді қалыптастыруға деген ұмтылыс әрқашан жүрегімізден орын алады.
Наурыз қарсаңында «Қазақмыс» тобының негізгі өндірістік кәсіпорындарының аумағы ұлттық атрибуттармен және мерекелік әшекейлермен безендірілді. 22 наурыз күні жұмыс асханаларында негізгі ас мәзірінен басқа, жұмыскерлерге ұлттық тағамдар – шұбат, қымыз, шелпек-бауырсақ, құрт-ірімшік және тіршіліктің жеті элементін білдіретін жеті дәмнен - су, ет, тұз, май, ұн, сүт және дәнді дақылдардан (күріш, жүгері немесе бидай) дайындалатын Наурыз көже ұсынылды.
Наурыз мейрамын мерекелеуде дәстүр бойынша көңілді ойындар ойнатылып, басқа да ойын-сауық іс-шаралары жүргізіледі. Осы мереке қарсаңында еңбек ұжымдары арасында барлық санитарлық шараларды сақтай отырып, армреслинг, асық ату, арқан тартудан спорттық іс-шаралар өткізілді. Ал 26 наурызда әйелдер арасында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлерінің «Jastar Bolashaq» жастар одағы» ҚҰ бірлесіп «Қазақмыс аруы» байқауы өткізіледі.
Қазақмыс тобы - салт-дәстүрі мен наным-сенімі бөлек, әртүрлі жастағы адамдардың басын біріктіріп отырған көпұлтты компания. Наурыз мейрамын бірге мерекелеудің арқасында, компанияның жұмыскерлері бір-бірімен қуанышын бөлісіп, денсаулық пен игілік, отбасылық амандық тілей отырып, жақындаса түседі.