Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын

«Қазақмыс корпорациясы» үшін компаниямен ынтымақтастықта жұмыс атқаратын мекемелер алдындағы беделінің компанияның ілгерілеуіне тигізер ықпалы мол екені анық. Компанияның өзгенлер алдындағы беделі заңды талаптарын бұзбай, нақты орындау, жоғары этикалық стандарттар мен өзін-өзі дұрыс ұстауды енгізу мен талап ету арқылы қалыптасты.
 
 
 
«Қазақмыс» Тобының компанияларында 2018 жылға бекітілген келешекке арналған жоспарға сәйкес бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдердің іске асырылуы қамтамасыз етілді.
 
2018 жылға келесі жұмыс жасалды.
 
Парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы бұрын әрекет еткен талаптарға салықтарды төлеуден жалтаруға болысуға (Criminal Finances Act 2017 ж.), қазіргі заманғы құлдықтың көрінуіне (Modern Slavery Act 2015 ж.) қарсы әрекет жасау туралы, сонымен қатар санкциялар туралы ережелер қосымша қосылған, United Kingdom (UK) заңнамасында енгізілген өзгерістер ескеріліп, Директорлар кеңесі төрағасының 15.05.2018 ж. № Х/2P шешімімен «Қазақмыс» Тобының парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңнамасының сақталуына контрагенттерді алдын ала тексеру бағдарламасының жаңа редакциясы бекітілді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпе жаңартылды. 
 
Келесі жергілікті актілер өзектілендірілген:
 
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерді орындаудан бас тартатын, контрагенттерді келісу регламенті;
 
- Мүдделердің қақтығысын басқару регламенті;
 
- Speak Up қызметіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттесі регламенті;
 
- Speak Up қызметіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарастыру тәртібі туралы нұсқаулық;
 
Ұйымдық және функционалдық құрылымды одан әрі жетілдіру мақсатында 04.07.2018 ж. № 986к бұйрықпен тәуекелдерді талдау бөлімінің атауы заң қызметі департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы рәсімдерді құқықтық сүйемелдеу бөліміне өзгертілді, бөлім туралы ережеге және бөлім жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына тиісті өзгерістер енгізілді. 
 
 
 
Парақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау саласындағы қызметтің негізгі бағыттары:
 
1. «Қазақмыс» Тобының заңды тұлғаларында мониторинг, көшпелі тренингтер жүргізу, жергілікті актілерді енгізу.
 
2018 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттарды құқықтық сүйемелдеу саласындағы жұмыстың бекітілген келешекке арналған жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау саласында «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС жергілікті актілерін енгізу тиімділігіне мониторинг жүргізілді, оларды «Қазақмыс» Тобының компанияларында енгізу бойынша тәжірибелік көмек көрсетілді:
 
1. «Қушоқы тілігі» ЖШС;
 
2. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Кен-өндірістік кешенінің «Жезқазғантүстімет» ӨБ;
 
3. Бас жобалау институты (Астана қ.)
 
4. Бас жобалау институты (Жезқазған қ.);
 
5. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Алматы қаласы бойынша Филиалы; 
 
6. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Филиалы – «Қарағандытүстімет» ӨБ Белоусовск кеніші;
 
7. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Филиалы - Қонақ үй-шаруашылық кешені (Астана қ.);
 
8. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Персонал қызметі.
 
 
 
 
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау саласында «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС жергілікті актілерін енгізу тиімділігіне мониторинг жүргізумен және оларды енгізу бойынша тәжірибелік көмек көрсетумен қатар көрсетілген кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін шығып тұру аясында сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы әрекет жасау саласында жұмыскерлердің хабардар болуын арттыруға бағытталған тренингтер жүргізілді, «Қазақмыс» Тобының негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттары мен рәсімдерінің талаптары түсіндірілді. Тренингтермен 357 адам қамтылды.
 
 
 
2. «Speak Up» қызметінің заңнама бұзушылықтары туралы хабарлау бойынша әрекеті.
 
«Speak Up» қызметінің заңнама бұзушылықтары туралы хабарлау бойынша әрекеті Speak Up қызметіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде «Қазақмыс» Тобы құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеттесу регламентін бекіту және қолданысқа енгізу туралы» «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының 2018 жылғы 20 қарашадағы № Х/249-ПР бұйрығымен және Speak Up қызметіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қарастыру тәртібі туралы нұсқаулықпен (2015 жылғы 12 тамыздағы бұрын әрекет еткен 01-КН/20 шешім күшін жойған деп танылды) реттелген.
 
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау үш тәсілмен тегін «жедел» желі арқылы жүргізіледі: 8-800-080-8089 телефоны бойынша, speakup@kazakhmys.kz электрондық мекен-жайына, компанияның заңды мекен-жайына (100012, Қарағанды қ., Ленин к-сі, 12) поштамен. 
 
Есептік кезеңде «Speak Up» қызметіне 35 өтініш (2017 жылда 40 өтініш болды) келіп түсті. Олардың ішінде 32 (39) өтініш қарастырылып болды, 2 (2) өтініш қарастырылып жатыр, 1 (0) өтініш қараусыз қалдырылды.
 
 
 
 
 
 
32 (39) қарастырылған өтініштен 10 (7) өтініш қанағаттандырылды, соның ішінде 1 (2) өтініш қайталанды, 13 (29) өтініш қабылдаудан бас тартылды, 5 (3) өтініш бойынша түсіндірме берілді, 4 өтініш бойынша анықтамалар жасалды. 
 
 
 
 
 
 
35 өтініштен 16 (45%) өтініш еңбек құқық-қатынастары саласында, еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, кәсіби тексеруден өту және мүгедекті белгілеу, алименттерді есептеу мен ұстап қалу мәселелері бойынша, 13 (37%) өтініш – құрылымдық бөлімшелердің басшыларының әрекеттеріне, тауарлық-материалдық құндылықтар ұрлығын, қаржы бұзушылықтарын жасауға, 6(17%) өтініш – тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру саласына қатысты келіп түсті.
 
 
 
 
 
 
«Speak Up» қызметінің жұмысы туралы компания жұмыскерлері мен үшінші тұлғаларды ақпараттандыру компаниялардың өндірістік бөлімшелерінің аумағында насихаттау материалын, сонымен қатар www.mykazakhmys.kz электрондық ресурсында байланыс ақпаратын, «ҚазақМыс» корпоративтік газетінде мәліметтер жарияланымын орналастыру, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау саласындағы білім базасы» бағдарламалық қамтамасыз етуін корпоративтік интранетте орналастыру арқылы жүргізіледі. 
 
Осыған байланысты кәсіпорындардың жұмыскерлерінің саны ескеріліп, «Speak Up» қызметінің әрекеті туралы көзбен шолып алынатын ақпараттың (постерлер) қажет болуына талдау жүргізілді.
 
Бүгінгі күні «Speak Up» қызметінің әрекетімен Қазақмыс Тобының 18 кәсіпорны және персоналы 35 749 адам болатын 72 құрылымдық бөлімшесі қамтылған. Постерлердегі қажеттілік 1500 дана (қазақ тілінде 740 дана және орыс тілінде 760 дана) құрады. 2019 жылы постерлерді жасауға қаржыны бөлу туралы мәселе қарастырылуда.
 
 
 
3. Контрагенттермен өзара әрекеттесу және контрагенттердің «Қазақмыс» Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін қабылдауы.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау аясында контрагенттермен өзара әрекеттесу «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының 15.05.2018 ж. № Х/2P шешімімен бекітілген, Парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заңнаманың сақталуына контрагенттерді алдын ала тексеру бағдарламасының, «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасының 2016 жылғы 08 шілдедегі № 01-КН/95-ПР бұйрығымен бекітілген, «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШСконтрагенттерді, шарт жобаларын, анықталған қауіп-қатер мен оның рұқсат етілген деңгейін бекіту тәртібін тексеру регламентінің («Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС 2018 жылғы 20 шілдедегі № Х/148-ПР бұйрығымен енгізілген өзгерістермен), сонымен қатар «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № Х/260-ПР бұйрығымен бекітілген, «Қазақмыс» компаниялары Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін сақтаудан бас тартатын, контрагенттерді келісу регламентінің (29.01.2016 жылғы бұрын әрекет еткен № 01-КН/4 шешім күшін жойған деп танылды) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
 
Есептік кезеңде компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттарын орындаудан контрагенттердің бас тартуы туралы 47 (21) өтініші қарауға келіп түсті. Мұның өзінде, Сауалнаманы толтырудан 15 контрагент, шарт мәтініне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені қосудан 11 контрагент, Сауалнаманы толтырудан және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпені қосудан 21 контрагент бас тартты.
 
 
 
 
 
№ 5 диаграмма: «Қазақмыс» Тобының
 
 
 
Өтініштерді талдау нәтижелері бойынша. 31 контрагент сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелер болмағанда, шарттарды жасауға және одан әрі орындауға рұқсат етілген, Контрагенттер тіркеліміне қосылған. Санаттар бойынша осы контрагенттер келесі жолмен көрсетілген:
 
- өңірдегі жалғыз жеткізуші - 6 контрагент;
 
- мемлекеттік мекемелер - 8 контрагент;
 
- мемлекеттің қатысумен кәсіпорындар - 9 контрагент;
 
- табиғи мониполиялар субъектілері – 2 контрагент;
 
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - 6 контрагент, соның ішінде компанияның жергілікті актілері жол беретін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпенің мәтіні шамалы өзгертілген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – 4, басшылардың тапсырмасы бойынша – 1, талап етілетін ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызуға байланысты - 1.«Қазақмыс» компаниялары Тобының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелерін орындаудан бас тартатын контрагенттерге қатысты қалған 16 (5) өтініш бойынша өндірістік қажеттілікке байланысты, шарттық қызметті тұрақты негізде жалғастыру мүмкін болмайтын, шарттарды біржолғы жасауға келісім берілген.Келісу өлшемшарттары бойынша бөлумен келісілген контрагенттер тізбелері электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы тарату жолымен құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізіледі.
 
 
 
 
4.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау саласында Қазақмыс Тобы жұмыскерлерінің хабардар болуын арттыру.
 
Сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы әрекет жасау саласында енгізілетін саясаттар мен рәсімдер туралы Қазақмыс Тобы жұмыскерлерінің хабардар болуын арттыру бойынша жұмыс жалғастырылуда. Жаңадан қабылданған жұмыскерлерге ерекше назар аударылуда.
 
Есептік кезеңде жаңадан қабылданған жұмыскерлерді қоса алғанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кодекспен танысқан жұмыскерлердің жалпы саны 4032 адамды, соның ішінде БМҚ (басшылар, мамандар, қызметшілер) – 1019, жұмысшылар – 3013 адамды құрады.
 
Еңбек шарттарына, соның ішінде осындай келісімдерді жасау атқаратын лауазымына сәйкес міндетті сипатқа ие болатын жаңадан қабылданған жұмыскерлермен еңбек шарттарына 974 қосымша келісім жасалды.
 
 
 
 
 
 
5.Мүдделер қақтығыстарын басқару.
 
Мүдделер қақтығыстарын басқару бойынша жұмыс жағдайы 23.01.2018 ж. «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Директорлар кеңесі төрағасы жанында кеңесте қарастырылды. Басшылықтың тапсырмаларын орындау тұрақты бақылануда.
 
«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС 2018 жылғы 9 қарашадағы № Х/240-ПР бұйрығымен бекітілген, Мүдделер қақтығыстарын басқару регламентін (04.05.2016 ж. бұрын әрекет еткен № 01-КН/6 шешім күшін жойған деп танылды) іске асыру аясында мүдделер қақтығыстарын ашу дұрыстығы мен толықтығына және оларды активтері «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС басқаруындағы заңды тұлғалардың бірінші басшыларының реттеу сапасына талдау жүргізілді.
 
Осы Регламенттің талаптарына сәйкес, «Қазақмыс» Тобы компанияларының 3128, соның ішінде жаңадан қабылданған жұмыскерлері Мүдделердің әлеуетті ықтимал, туындаған қақтығыстары туралы ақпаратты ашу» А және Б нысанындағы Сауалнамаларды ұсынған. Сауалнамаларды толтырған кезде 48 мүдделер қақтығысы ашылып, реттелген.
 
 
 
 
Мүдделер қақтығысын қабылдау туралы шешімді құқықтық бағалауға және оны одан әрі өз бетімен реттеу мүмкіндігіне қатысты персонал қызметтерінің жұмыскерлері үшін түсіндіру жұмысы жүргізілуде.
 
 
 
6. Персоналды оқыту.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау саласында жергілікті актілердің негізгі талаптарына «Қазақмыс» Тобының жұмыскерлерін оқыту бойынша жұмыс жүргізілуде.
 
23.12.2016 ж. № 351 бұйрыққа сәйкес «Қазақмыс» Тобының жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау саласында ақпараттың негізгі дереккөзі болып табылатын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау саласындағы білім базасы» бағдарламалық қамтамасыз ету әрекет етеді.
 
Бағдарламалық өнім «Қазақмыс» Тобы жұмыскерлерінің дербес компьютерлерінің жұмыс үстелдерінде орналасқан, бұл дербес компьютері және тұрақты негізде корпоративтік желіні пайдаланушының есептік жазбасы болатын, жұмыскерлердің бірін қалдырмай, барлығына қолжетімділікті алуға мүмкіндік береді.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерді білуге жұмыскерлерге жалпыға міндетті тестілеуді жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. 2016 жылғы 31 шілдедегі № 01-КН/99-ПР бұйрықпен бекітілген, «Қазақмыс» компаниялар Тобының құрылымдық бөлімшелеріне жұмысқа қабылдау кезінде сынақ мерзімінен өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 23.01.2017 ж. № 01-КН/16-ПР бұйрықтың талаптарын орындау үшін, активтері «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС басқаруындағы заңды тұлғалардың бірінші басшылары, директорлары мен персонал жөніндегі менеджерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерді білуге жаңадан қабылданған жұмыскерлердің электрондық тестілеуді өтуін қамтамасыз етеді.
 
Есептік кезеңде электрондық тестілеуден 458 жұмыскер (жаңадан қабылданған жұмыскерлерді қоса алғанда) өтті.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау саласындағы «Қазақмыс» Тобының компаниялары жұмыскерлерінің хабардар болуын арттыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерге оқыту бойынша тренингтерді жүргізу тәжірибесі жалғастырылған. Оқытумен 815 адам, соның ішінде көшпелі семинарлармен 357 адам және электрондық оқытумен 458 адам қамтылған.
 
 
 
 
 
Жергілікті актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын жүргізу.
 
Директорлар кеңесі төрағасының 10.04.2015 ж. №133 бұйрығының талаптарына сәйкес жобалардың, шарттардың (келісімдердің) және жергілікті актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы тұрақты негізде жүргізілуде. Есептік кезеңде 3 шарт пен 2 жергілікті актіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттар мен рәсімдерге қайшы келетін нормалардың болуына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілді, ескертулер жойылғаннан кейін жобалар келісілді. 
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.