Kazakhmys Қазақстандағы мыс өндіруші алып кәсіпорын

Владимир Сергеевич Ким
Казақмыс Президенті

 

«KazakhmysHolding  (Казахмыс Холдинг)» ЖШС  Президенті

Владимир  Сергеевич Ким 1960  жылы дүниеге  келген. 1982  жылы  Алматы архитектура-құрылыс  институтынның  инженер-құрылысшы  мамандығын тамамдаған. Америка  Құрама  Штаттарындағы  Кеннеди  атындағы Батыс университетінде  дәріс алып, ал  экономика, қаржы және  маркетинг  саласынан машықтануды ( сынақ  мерзімін) Корея, ФРГ, Швейцария  елдерінде   өтті. Бизнес саласы  мен  әкімшілік  басқару  докторы, техникалық  ғылымдар  кандидаты.

Компаниядағы  жұмысын  1995  жылы  «Жезқазғанцветмет» АҚ Басқарушы директоры және Бас атқарушы директоры болып бастаған. Ал, 2000 жылдың желтоқсанында аталған компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2005 жылы Владимир Сергеевич Лондон биржасындағы өз акцияларын тіркеген алғашқы компания – Қазақмыс тобы Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2005 жылдан 2013 жылдың мамыр айына дейін ол Қазақмыс компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «KazakhmysHolding  (Казахмыс Холдинг! ЖШС –нің Президенті.

 



Эдуард Викторович Огай

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  директорлар Кеңесінің  Төрағасы

Эдуард  Викторович  1969  жылы  дүниеге  келген. 1998  жылы  Қазақ мемлекеттік  аграрлық  университетін,  экономист – менеджер  мамандығы   бойынша  тамамдаған. Мәскеу мемлекеттік  тау-кен  институтында  (МГГУ)  «Ашық тау-кен  жұмыстары»   (2003-2004), ал Ресей  Федерациясы Үкіметі  жанындағы  халық  шаруашылығы Академиясында   « Қаржы  және  экономика  директоры»  (2003-2004),  және «Тау-кен,  минералды-шикізат халықтық  университетінде ( Санкт-Петербург) «Кенді  даярлаудың, байытудың және  шикізатты  гидрометаллургиямен  өңдеудің  заманауи  технологиялары»  (2015) бағдарламалары  бойынша кәсіби  шеберлігін  шыңдаған.

Эдуард Викторович еңбек  жолын  2001 жылы Қазақмыс  тобында халықаралық  қатынастар және  маркетинг салаларының директоры  қызметінен бастады, ал  2005  жылдан  бастап корпоративтік  дамыту  директоры.

2006  жылы Эдуард  Викторович  Қазақмыс  тобының салалы  компаниясы «Қазақмыс  корпорациясы» ЖШС-нің  басқарма  төрағасы  болып  тағайындалды.

 Қазіргі  кезде  «КazakhmysHolding (Казахмыс Холдинг)»  директорлар  Кеңесінің  Төрағасы  және   «Казахмыс корпорациясы» ЖШС-нің  директорлар Кеңесінің  Төрағасы  қызметтерін  атқарып  жүр.


 


Амангелді  Мұхамедқалиұлы  Минигулов
"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Кен-байыту кешенінің Бас директоры

Амангелді Мұхамедқалиұлы  1968 жылы дүниеге келген. 1990 жылы Балқаш кен-металлургиялық техникумын «Кенді және кенсіз орындарды ашық өңдеу», 1996 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Пайдалы қазбалары бар кен орындарын жер асты өңдеу» мамандықтары бойынша    бітірді.

 2013 -2014 жылдары «МИСиС» «Ұлттық зерттеу технологиялық университетінде «Ашық тау-кен жұмыстары» бағдарламасы бойынша арнайы дайындықтан өтті.

«Қазақмыс» корпорациясындағы еңбек жолын 1996 жылы участок бастығының орынбасары қызметінен бастаған.

1999 жылы корпорацияның  Батыс-Жезқазған кенішінің директоры болып тағайындалды.

 2000 жылдан Оңтүстік-Жезқазған кенішінің директоры болды.

2009 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Балқаштүстімет» ӨБ филиалының бас директоры болып тағайындалды. «Шығыстүстімет» ӨБ, «Қарағандытүстімет» ӨБ, «Жезқазғантүстімет» ӨБ  басқарды.

2015 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жобалар жөніндегі директоры қызметін атқарды.  

Қазіргі таңда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  Кен-байыту кешенінің Бас директоры.


 

Владимир Викторович Джуманбаев«Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС

Отын-энергетикалық кешенін басқару жөніндегі директоры – Атқарушы органының (Директорлар кеңесі) мүшесі

Владимир Викторович 1973 жылы туған. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік академиясын «Экономист» біліктілігін тағайындаумен «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Әртүрлі кезеңдерде әртүрлі компанияларда жетекші маманнан бастап бас директорға дейінгі лауазымдарды атқарды.

2006 жылдан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қаржы директоры болып жұмыс істеді.

2006 - 2018 жылдар аралығындағы кезеңде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да Басқарманың қаржылық-экономикалық мәселелер бойынша вице-төрағасы, Басқарманың корпоративтік даму бойынша вице-төрағасы, Шығыс Қазақстан бойынша басқарушы директор, коммерциялық директор, стратегиялық даму жөніндегі директор болып қызмет атқарды.

Қазіргі уақытта «Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг)» ЖШС Отын-энергетикалық кешенін басқару жөніндегі директоры – Атқарушы органының (Директорлар кеңесі) мүшесі лауазымын атқарып отыр.


 

Әділет Назарбайұлы Барменкулов

Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры
 
1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша тамамдап, өзінің еңбек жолын бастады. 1995 жылы «Tamos-Education» ЖАҚ физика-математика мектебінің директоры қызметін атқарды. 2000 жылы «Мұнай және мұнай өнімін сертификаттау және сараптау орталығы» ЖШС қаржы директоры. 2003 жылы «Таймас» Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігін басқарды. 
 
Ал 2007 жылы Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар Министірлігінің көліктік бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 
 
Қазақмыс корпорациясындағы еңбек жолын 2013 жылы Сауда үйі материальдық-техникалық жабдықтау басқармасының бастығы қызметінен бастады. 2014 жылдың қазан айында «Kazakhmys Holding» және «Казахмыс Корпорациясы» ЖШС коммерциялық директоры қызметіне тағайындалды. 2016 жылдың қарашасынан бастап, Барменкүлов А.Н. Kazakhmys Smelting (Казахмыс Смэлтинг)» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

 

 

 


 
Сәтбаев
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Жезқазған
Жезқазған алаңында
Жезқазған алаңында негізгі 10 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында -4 кеніш, 3 байыту фабрикасы және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 24 мың адам жұмыс атқара
Павлодар
Павлодарская площадка
Насчитывает два крупных промышленных объекта. Один из них – Экибастузская ГРЭС-1, 50% которой принадлежат Группе Казахмыс. Второй – строящийся рудник открытого типа Бозшаколь, крупнейший горнорудный проект на постсоветском пространстве как по масштабам, так и по объему добычи.
Қарағанды
Қарағанды алаңында
Қарағанды алаңында 11 өндірістік нысан шоғырланған. Оның құрамында 4 кеніш, 2 байыту фабрикасы, 2 көмір кесінділері , 2 зауыт және 1 БТЭС бар.
Балқаш
Балқаш алаңында
Балқаш алаңында негізгі 6 өндірістік нысан мен бірқатар қосымша цехтар мен мекемелер орналасқан. Оның құрамында – 3 кеніш,1 байыту фабрикасы, 1 мыс зауыты және 1 ЖЭО бар. Қазақмыс тобының осы алаңдағы өндіріс орындарында 10 мың адам жұмы
Өскемен
Восточная площадка
Насчитывает 9 основных промышленных объектов и ряд вспомогательных цехов и предприятий. В числе первых - 5 рудников, 4 обогатительные фабрики.Здесь на предприятиях Группы Казахмыс работает порядка 7 тысяч человек.